Пиротехникалық бұйымдарға ұсынылатын өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ оларды сынау әдістері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен мемлекеттік стандарт талаптарына, белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуға тиіс.
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру үшін, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне сыйлықтарды сыйлау фактілерін болдырмау үшін "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыс жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мектепте 1986 жылғы Желтоқсанның есте қалатын оқиғаларына арналған іс-шаралар өткізілді. Сынып сағаттарында деректі фильмдер, дөңгелек үстелдер, Қазақстан, бейбітшілік пен достық туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу, Желтоқсан оқиғасы туралы бейнероликтер, презентациялар ұйымдастырылады.
Пікірталас клубының мүшелері Мотова Э. мен Филюкова М. Zoom арқылы аудандық турнирге қатысты. Пікірталас - интеллектуалды ойын, ол пікір сайысының ерекше түрі болады, белгілі ережелер бойынша жүргізіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=G5bvmGWlCZY Республикалық"Сүйемін сені, Қазақстаным!"байқауы аудандық кезеңінде 3 сынып оқушысы Нурмамадов Амир 1орын алды. Мектептің Yotub-арнасында видео жарияланған.
Ғабит Мүсірепов - қазақ драма өнерінің хас шебері. Махаббат эпосына драматург көп өзгерістер енгізді, өз шешімін тапты. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің 9-сынып оқушылары Ғабит Мүсіреповтың " Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" пьесасы бойынша қойылымын қос анаға арнады.
Тоқсан би орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Акциясы аясында 5-10 сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылыққа - ЖОҚ!" үгіт-насихат жұмысы өткізілді.