10-сынып оқушысы Калымтаева Томирис республикалық "Жыл оқушысы" байқауының аудандық кезеңінде 10-11 сыныптар тобында 2 орын алды. Байқау үш кезеңнен болды: өзін-өзі таныстыру, эссе және шешендік шеберлік сайысы. Құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!
IQanat қоры Қазақстанда ауыл оқушыларына сапалы білім алуға көмектеседі. 2022 жылдың 8 қарашасында 8-сынып оқушылары Григорьев Артём, Бенга Артём ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасына қатысты.
Рымарчук В.Г. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің кәсіподақ комитетін 15 жылдан астам уақыт басқарады, оның педагогикалық өтілі 37 жыл құрайды. Валентина Георгиевна көпжылдық ерең еңбегі үшін тамыздық конференциясында ағымдағы жылдың 4 қарашасынан 6 қарашасына дейін Discovery Borovoe шипажайына жолдамамен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 4-қарашасында "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің жас педагогы Түкен К.Н. Петропавл қ. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған облыстық "Жас ұстаз - табысқа апарар жол" форумына қатысты. Бағдарламада оқыту мәселелері бойынша тақырыптық алаңдар, топтар құру, сезімдік мәдениетін дамыту тренингтері, шеберлік сыныптар болды.
Күзгі демалыста “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде күн сайын оқушылар сынып жетекшілерімен ұжымдық шығармашылық істі өткізуге дайындалды. Ал міне - 2022 жылдың 3 қарашасында дәстүрлі “Күзгі бал” өтті. Әр сынып көркем нөмерлер көрсетті. Мереке жанға әсерлі, көңілді болды, барлығы белсенділік және әртістік қабілеттерін білдірді.
Демалыс күндерінде 2022 жылдың 2 қарашасында ұлдар мен қыздар топтары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Крот Л.А.-ның жетекшілігімен Урожайный ауылында футзал бойынша аймақтық жарыстарға қатысты.
Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнінің жоспары бойынша Тоқсан би орта мектебінде салтанатты сапқа тұру өтті, сынып сағаттары, теннис, футзал, тоғызқұмалақ бойынша мектепішілік жарыстар өткізілді, тақырыптық стендттер рәсімделді.
2022 жылдың 21 қазанында «Тоқсан би орта мектебі» КММ-сі жанындағы «Айсұлу» шағын орталығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру: мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі сапалы трансформация» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартылумен, балалардың оқыту мен тәрбиелеуге көзқарастың өзгерулерімен.