Тоқсан би орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Акциясы аясында 5-10 сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылыққа - ЖОҚ!" үгіт-насихат жұмысы өткізілді.
10-сынып оқушысы Калымтаева Томирис республикалық "Жыл оқушысы" байқауының аудандық кезеңінде 10-11 сыныптар тобында 2 орын алды. Байқау үш кезеңнен болды: өзін-өзі таныстыру, эссе және шешендік шеберлік сайысы. Құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!
IQanat қоры Қазақстанда ауыл оқушыларына сапалы білім алуға көмектеседі. 2022 жылдың 8 қарашасында 8-сынып оқушылары Григорьев Артём, Бенга Артём ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасына қатысты.
Рымарчук В.Г. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің кәсіподақ комитетін 15 жылдан астам уақыт басқарады, оның педагогикалық өтілі 37 жыл құрайды. Валентина Георгиевна көпжылдық ерең еңбегі үшін тамыздық конференциясында ағымдағы жылдың 4 қарашасынан 6 қарашасына дейін Discovery Borovoe шипажайына жолдамамен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 4-қарашасында "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің жас педагогы Түкен К.Н. Петропавл қ. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған облыстық "Жас ұстаз - табысқа апарар жол" форумына қатысты. Бағдарламада оқыту мәселелері бойынша тақырыптық алаңдар, топтар құру, сезімдік мәдениетін дамыту тренингтері, шеберлік сыныптар болды.
Күзгі демалыста “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде күн сайын оқушылар сынып жетекшілерімен ұжымдық шығармашылық істі өткізуге дайындалды. Ал міне - 2022 жылдың 3 қарашасында дәстүрлі “Күзгі бал” өтті. Әр сынып көркем нөмерлер көрсетті. Мереке жанға әсерлі, көңілді болды, барлығы белсенділік және әртістік қабілеттерін білдірді.
Демалыс күндерінде 2022 жылдың 2 қарашасында ұлдар мен қыздар топтары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Крот Л.А.-ның жетекшілігімен Урожайный ауылында футзал бойынша аймақтық жарыстарға қатысты.
Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнінің жоспары бойынша Тоқсан би орта мектебінде салтанатты сапқа тұру өтті, сынып сағаттары, теннис, футзал, тоғызқұмалақ бойынша мектепішілік жарыстар өткізілді, тақырыптық стендттер рәсімделді.