Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

2026 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 282-НҚ

бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің

ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын

пайдалану қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1) оқу тапсырмасын орындау үшін пайдалану қажет болған кезде педагогтің нұсқауы бойынша оқу мақсатында;

2) білім алушының, тәрбиеленушінің не өзге де адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін мән-жайлар туындаған кезде;

3) білім алушының немесе тәрбиеленушінің денсаулық жағдайына байланысты ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қажет болған кезде.

 

 

2-тарау. Оқу процесі кезінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану тәртібі

 

  1. Оқу сабағы басталғанға дейін білім алушы немесе тәрбиеленуші ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын дірілді және дыбыстық сигналдарды өшіру арқылы дыбыссыз режимге ауыстырады немесе оны өшіреді.

Оқу сабағы кезінде осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, білім алушы немесе тәрбиеленуші ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдаланбайды.

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндігі болған кезде орта білім беру ұйымы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын орналастыру үшін арнайы жабдықталған орындарды айқындауға құқылы.

Арнайы жабдықталған орындар болған кезде оларды пайдалану тәртібі және оларға орналастырылған құрылғылардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.

1) орындау үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануды қажет ететін оқу тапсырмасын айқындайды;

2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануды бастағанға дейін білім алушылар мен тәрбиеленушілерге оқу тапсырмасының мазмұнын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану тәртібі мен ұзақтығын түсіндіреді;

3) оқу тапсырмасын өз бетінше орындауға қойылатын талаптарды және оны орындау кезінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдаланудың рұқсат етілген тәсілдерін түсіндіреді;

4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануды бастау және тоқтату туралы нұсқау береді.

1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын педагог айқындаған оқу тапсырмасын орындау үшін ғана пайдаланады;

2) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес педагог белгілеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану тәртібі мен ұзақтығын сақтайды;

3) оқу тапсырмасын педагог белгілеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану шарттарын сақтай отырып, өз бетінше орындайды;

4) педагогтің нұсқауы бойынша ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануды тоқтатады.

 

3-тарау. Қағидалардың сақталуын ұйымдастыру

 

Осы Қағидаларда көзделген ұйымдастырушылық мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.

1) осы Қағидалардың талаптарын;

2) осы Қағидаларда көзделген мәселелер бойынша білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларының ережелерін;

3) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген орта білім беру ұйымының абоненттік нөмірі мен шұғыл ақпарат беру тәртібін жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 25.09.2026

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 39972 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство просвещения РК - Директор Фариза Сансызбаевна Дуйсенбаева, 16.09.2026 16:44:29, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Лаура Канатовна Мерсалимова, 24.09.2026 15:14:05, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Оқу-ағарту министрлігі - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж. Сулейменова, 24.09.2026 17:55:23, положительный результат проверки ЭЦП