Халықаралық балаларды қорғау күніне “Западное СҚ” ЖШС директоры Калдыбаев Бауыржан Кенесбаевич балалар үшін жемістері бар тәтті үстел және ертегілер кейіпкерлерімен тосын сыйын ұйымдастырды.
1 маусымда мерекелік іс-шарада “Агро-Беркут” ЖШС қаржылық директоры Онестюк Влада Леонидовна балар мен ата-аналарды құттықтап, әрбір балаға тәтті сыйлық және мектептің абаттандыруына 200 мың теңгеге сертификат берді.
«Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 2024 жылдың 27 мамырынан 31 мамырына дейін білім алушылардың бағдарлама мазмұнының меңгеруін бағалау мақсатында қазақ тілі мен әдебиетінен емтихандар өткізілуде.
Ағымдағы 24 мамырында Жалпыреспубликалық “Білімім - Отаныма” бірыңғай сынып сағаты өткізілді, 2023-2024 оқу жылының қорытындылары жасалды. Бірыңғай сынып сағаты Қазақстан Республикасы Гимнін орындаудан басталды, содан соң оқушылар ағарту Министрінің көшемет сөзімен баяндамасын тыңдады.
24 мамырда 9 және 11 сынып түлектері “Мен. Мектеп. Ұстаз” тақырыбында эссе жазды, балалықтан өздік өмірге ауысу, өз болашағы туралы, мектепке тілектерімен бөлісті.
Соңғы оқу күнінде оқушылар “Сенің қызықты жазы” гайдымен таныстырылды. Гайдбук әртүрлі белсенділіктерді, ойындарды, жадынамалар мен ұсыныстарды қосады, олар балаларға жазғы демалысты өнімді және көңілді пайдалануға көмектеседі.
2024 жылғы 13 мамырынан 24 мамырына дейін ұйымдастырушы педагог АӘжәнеТД Куркин Ю.Ю. 10 сынып жігіттермен оқу-далалы жиындар 03.04.2023 жылғы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің бұйрығына сәйкес толық көлемде өткізді.
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. вейптер мен насыбайдың қолдану және таралуының алдын алу мақсатында 11 сынып оқушыларымен интерактивті әңгімелесуді өткізді.