Халықаралық қыздар күні
11 қазанда, Халықаралық қыздар күні, Тоқсан би орта мектебінде мерекемен таныстыру және қыздардың өздеріне құрметпен қарауын тәрбиелеу мақсатында “Қаттырақ күлімсіреңдер, қыздар!” сайыс ойыны өткізілді.
Экологиялық акция
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің өзін-өзі басқаруының “Экология және еңбек” фракциясының мүшелері “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” экологиялық акциясына белсенді қатысты. Балалар мектеп жанындағы күзгі жапырақтарды және ауыл көшелеріндегі қоқысты жинады. Кіші жастағы оқушыларға табиғатқа аялы көзбен қарау туралы буклеттер берілді.
Қамқоршылық акциясы
Республика күні қарсаңында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің оқушылары қамқоршылық акцияларын өткізді, жалғыз тұратын зейнеткерлерге ауланы жинау бойынша, шаруашылық істерінен көмек көрсетті.
Ұстаздар күнімен
Мұғалімдер күні қарсаңында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде мектеп өзін-өзі басқаруының мүшелері Дублёр күнін өткізді. Балалар ұстаздарына музыкалық сыйлық сыйлады.
Мектептің өзін-өзін басқаруы
Сайлаудың бірыңғай күні 23 қыркүйекте Тоқсан би орта мектебінде мектеп парламентіне сайлау өтті. Көпшіліктің дауыс беруімен мектептің өзін-өзі басқаруының Ұланбасы болып Калымтаева Алина сайланды.
"Жастар" спартакиадасы
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің оқушылары 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Новоишим селосында “Жастар” спартакиадасына қатысты. Жеңіл атлетикадан орындар алды: Мотов Георгий ядроны итеруде 1-орын, Быкова Кристина 1500 метрге жүгіруде 3-орын. Құттықтаймыз!
Құқық бұзушылықтың алдын алу
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік педагог Ремпель М.Г., полиция бөлімшесі инспекторы Исмагулов С.Т. оқушылармен әңгімелесті.
Отбасы күніне арналған челлендж
Қазақстандағы Отбасы күнінің тойлауына арналған "Кітапқа қуанса, отбасы тату болар" челленджі өтті. <br /><a href="https://www.facebook.com/100022819260575/videos/1421459251668128">https://www.facebook.com/100022819260575/videos/1421459251668128<br /><br /></a>
Қазақстан халқы тілдері Онкүндігінің ашылуы
5 қыркүйек күні Тоқсан би орта мектебінде Қазақстан халқы тілдерінің салтанатты ашылуы өтті.
1 қыркүйек - Білім күні
Тоқсан би орта мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті
