Тоқсан би орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қалымтаева Томириске 2022 жылдың 16 маусымында ағылшын тілі Апталығына қатысқан үшін Солтүстік Қазақстан облысы ағылшын тілі мұғалімдерінің Ассоциациясынан сыйлық берілді.
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде 2022 жылдың 16 маусымында 11.00-де 11 сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы, 9 сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттардың салтанатты берілуі өтті.
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің педагогтары облыстық “Қазіргі жағдайдағы білім беру процесін жетілдірудің тиімді жолдары” тақырыбында семинарға қатысты.
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің жанындағы лагерінде суреттер көрмесі ұйымдастырылған, онда оқушылар мен педагогтардың әр түрлі техника орындаған жұмыстар көрсетілген.
“Балалардың еңбегін пайдалануына қарсы күресудің 12 күні” Ұлттық ақпараттық науқанын өткізу барысында Тоқсан би орта мектебінің оқушылары “Біз бақытты баламыз” флешмобына қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30-жылдығын тойлау шеңберінде 2022 жылдың 4 маусымында Тоқсан би орта мектебінің педагогтары мен оқушылары барлық білім беру мекемелерінде бір уақытта 10.00 сағатта Мемлекеттік Гимнін орындау бойынша Республикалық акциясына қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30-жылдығын тойлау қарсаңында “Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің Жазғы мектебінде "Мемлекеттік рәміздер - тұрақтылық және өркендеу нышандары" ашық сынып сағаттары өткізілді, "Елдіктің ерен белгісі - рәміздер" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.