Халықаралық Отбасы күніне Тоқсан би орта мектебінде отбасылық құндылықтар туралы, әрбір адам үшін отбасының маңыздылығы жөнінде сынып сағаттары өткізілді.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында "Комирнати" (Pfizer) екпесімен 12-ден 18 жасқа дейінгі балалардың ерікті түрде екпе жасауы жалғасуда. Тоқсан би орта мектебінде оқушылардың 66% екпенің екі компонентін алды.
Ұлы Жеңіс күніне Тоқсан би орта мектебінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан батырларының 100-жылдығына арналған “Ерлікке жаныңмен жанасу” еске алу сағаты, Жеңімпаз жауынгер ескерткішіне шір қою өтті.
2022 жылдың 5 мамырында Ғабит Мүсірепов ауданында 1-орын алған Тоқсан би орта мектебінің 7-сынып оқушысы Григорьев Артём Петропавл қаласында ”Сенімді пайдаланушы” байқауының облыстық кезеңіне қатысты.