Құрметті бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! Сізге 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен басталатынын хабарлаймыз.
Құрметті бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! Сізге 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен басталатынын хабарлаймыз. 1-сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан «Тоқсан би орта мектебі» КММ қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастан бастап балалар және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады.
Өтініш берген кезде:
Өлшемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті;
052-2/е «Баланың денсаулық паспорты» медициналық анықтамасы;
065/е «Профилактикалық егу картасы» медициналық анықтамасы (ҚР ДСМ сервисінен электронды түрде тартылады (1 сәуірге дейін медициналық тексеруден өту қажет).
Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына, сондай-ақ 29-316, 87029160079 телефондары арқылы хабарласуға болады.