2024 жылғы 26 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық облыстарынан келген ауылдық мектептердің педагогтарымен кездесті. Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқартуға, білім беру инфрақұрылымын жақсартуға және ауылдық мектептерде кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасының қорытындысы шығарылды. Солтүстік Қазақстан облысынан келген жеті педагогтан тұратын делегацияға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан екі адам - «Тоқсан би орта мектебі» КММ директоры А.С. Воронцова және «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.М. Жолдаспаева кірді. Кездесуде Білім министрі Ғани Бейсембаев Александра Сергеевнаға диплом «ІСКЕР МЕНЕДЖЕР» дипломын, ал мектепке - «ТИІМДІ АУЫЛ МЕКТЕБІ» сертификатын тапсырды.